Ақтөбе облысында 292 көшеге жаңа атау берілді — Ел жаңалықтары

0

Ақтөбе облысында 292 көшеге атау беріліп, 87 көше қайта аталды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысына сілтеме жасап.  

«Биыл Ақтөбе облыстық ономастика комиссиясы атаусыз құрамдас бөліктерге атау беру туралы 95, қайта атау туралы 79, елді мекендерді қайта атау туралы 2, барлығы 176 ұсынысты қарап, оның 155-іне оң қорытынды шығарды», — делінген хабарламада. 

Сондай-ақ 224 атау республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алды. Қазіргі таңда облыс топонимика кеңістігіндегі қазақ тіліндегі атаулар үлесі — 93 пайыз. 2017 жылмен салыстырғанда облыстағы идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар үлесі екі есеге азайды.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz