Ақтөбе облысынан 831 адам эвакуацияланды
Ақтөбе облысында су басу аймағынан 831 адам эвакуацияланды, оның ішінде 376 бала. Олар уақытша пункттерде және туыстарының үйлерінде орналастырылды.
ТЖМ мәліметтері бойынша, 129 бас ірі қара да эвакуацияланды.
21 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін барлығы 498 122 текше метр су сорылды, 40 735 дана қап төселді, 4817 тонна инертті материалдар жеткізілді.
ТЖ-ны жоюға жеке құрамның 1800-ге жуық адамы және 500-ден астам техника жұмылдырылды. Жұмыс жалғасуда.