Ақтөбе облыстық кіріс департаментінің қызметкері сотталды

0

10 сәуірде Ақтөбе қалалық соты облыстық мемлекеттік кіріс департаменті экономикалық тергеу қызметі бөлімінің басшысы міндетін атқарған Берікқали Мерей «пара алды» деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот қаулысы күшіне енсе, 40 жастағы Берікқали Мерей жазасын қоныс колониясында өтейді және өмір бойы мемлекеттік қызметте істей алмайды.

Берікқали Мерей 2018 жылы 11 шілдеде Ақтөбеде ұсталған еді. Прокурор Жәнібек Төребековтің айтуынша, мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметі 2016 жылдан бастап «Max Gas Company» серіктестігіне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша компания өкілдерінен бірнеше мәрте жауап алған. Сұйытылған газды заңсыз саудалаған деген күдікпен ашылған істі жабу үшін Берікқали Мерей «Max Gas Company» директорының орынбасары Есеновтен 1,7 миллион теңге талап еткен. Есенов бұл туралы экономикалық және ұйымдасқан қылмыстарға қарсы күрес департаменіне 6 шілдеде хабарлаған, күдікті пара алып жатқан жерінен ұсталған.

Сот үкім шығарарда «сотталушының отбасылық жағдайы, кәмілетке толмаған балаларының бары, денсаулық жағдайы да ескерген».

Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ. Берікқали Мерей сот үкіміне апелляциялық шағым түсіруге құқығы бар.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз