Ақтөбе облысы әкімінің мерейтойын дүркіретіп өткізгені рас па?
Ақтөбе облысының әкімі өзінің мерейтойын қымбат мейрамханада атап өту туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұған дейін кейбір БАҚ Ералы Тоғжанов өзінің туған күнін 13 мамырда Ақтөбедегі ең қымбат мейрамханалардың бірінде атап өткенін хабарлаған болатын. Мереке өтіп жатқан мекеменің жанында қызметтік көліктер тұрған.
Біздің дәстүрлерімізге объективті түрде қарау керек: біз туған күнді әдетте 12-13 мамырда атап өтеміз, бұл біздің отбасымызда қалыптасқан. 2018 жылы менің балаларым, достарым маған айтпай ұшақпен Астанаға ұшып келіпті. Ол кезде мен іс-шарада болғанмын. Қазіргі таңда мен бұл шараны үйде отбасыммен атап өтемін, — деп түсіндірді Ақтөбе облысының әкімі.
Ол келесі күні, 13 мамырда, туған күнінде жұмыс орнында болғанын айтты.
Ералы Тоғжановтың айтуынша, мейрамханада ешқандай қызметтік көлік болмаған.
ақпарат: http://Arbat.media
фото: sputnik.kz