Ақтаудағы қонақ үйдің дәлізі дәретханаға айналды (ВИДЕО)

0

Ақтауда қонақүйдегі лифтінің алдында дәрет сындырған белгісіз қыздың кім екені анықталды, деп хабарлайды kznews.kz Экспресс К сілтеме жасап.

Қаладағы қонақүйлердің бірінен мас күйінде шыққан бикеш лифтінің алдында шайқалып, есігін аша алмай оғаш әрекетке барғаны бейнежазбаға түсіп қалған болатын. Аталған оқиғадан кейін облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

Бұл азаматшаның кім екенін анықталды. Қазір оны іздеу шаралары жүріп жатыр. Оны тапқаннан кейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабы бойынша хаттама толтырылады. Кейін ол құжат шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданады,

-деді ПД баспасөз қызметі.