Ақтаудағы криминалды полиция басшысының қызметкерлерін ұрып жатқан бейнежазба тарады
Ақтаудағы Полицейлердің қатысуымен болған төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде таратылды, деп хабарлайды Kznews.kz порталы Arbat.media сайтына сілтеме жасап.
Бейнероликтің сипаттамасында криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Шынболат Дәрібаев қызметкерлерді ұрып-соғып жатқаны айтылған.
Маңғыстау облысының полиция департаменті ведомствоның кадр саясаты басқармасының жеке құрамы бойынша инспекция қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.