Ақтаудағы емхана қызметкерлеріне 76 миллион теңгеден астам қарыз

0

«Сенім» медициналық емханасы» ЖШС мекемесі 287 қызметкеріне 76 миллион теңгеден астам берешегі бар,  2 ай бойы жалақы бермеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақтау қаласының прокуратурасы еңбек заңнамасының бұзылуын анықтап, мемлекеттік еңбек инспекциясына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді.

«Қадағалау хаттамасын қарау қорытындысы бойынша жұмыс беруші ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Жалақы бойынша қарыз толық өтелді, сол арқылы жұмысшылардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді. Азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау мәселесі Маңғыстау прокуратурасының тұрақты бақылауында», — деп хабарлады ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жалақы бойынша мерзімі өткен берешек көлемі күрт өскен. Ірі және орта кәсіпорындардың жалпы қарызы 2023 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша 15%-ға өсіп, 399,1 млрд теңгеге жетті.