Ақтаудағы бір жасар сәбидің өліміне қатысты тың дерек шықты
Қысқа сілтеме алу
https://sputniknews.kz/images/641/85/6418542.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/regions/20191209/12237472/Aqtau-sabi-olim.html
6 желтоқсан күні Ақтау қаласындағы 27-ші шағын аудандағы жекеменшік балабақшада сәбидің көз жұмғаны хабарланған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан — Sputnik. Әйел өзінің үйінде бала бағып, ақша тапқан. Алайда пәтерін жекеменшік балабақша ретінде тіркемепті. Бұл ақпаратпен қалалық білім бөлімі бөлісті, деп хабарлайды Lada.kz.
Бала бағушы үш бөлмелі үйде күйеуі және бес баласымен бірге тұрады.
Қалалық әкімдіктің ақпаратына сәйкес, әйелдің пәтері жекеменшік балабақша ретінде тіркелмеген.
«Әйел бірнеше ата-ананың сұрауымен балаларды күткен. 6 желтоқсан күні көз жұмған баладан басқа тағы екі балаға қараған», — деп хабарлады қалалық білім бөлімінде.
Тағы оқыңыз: Балабақшада балалар кішкентай қызды жабылып соққыға жықты – видео
Еске сала кетсек, 6 желтоқсан күні Ақтауда бір жасар сәби көз жұмған болатын.
sputniknews.kz