Ақтауда жүкті әйел перзентханада қайтыс болды
Дәрігерлер әйелдің өліміне не себеп болғанын айта алмайды, себебі мәйітке сараптама жасауға үлгермеген
АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында көз жұмған әйелдің туыстары ауруханаға басып кіріп, мәйітті союға жол бермеді.
Төтенше оқиға 25 желтоқсанда болған, жүкті әйел туысымен жолығу үшін медициналық мекеме бөлімінен шығады. Кенет жағдайы күрт нашарлап, есінен танып қалған. Шұғыл келіп жеткен дәрігерлер әйелге жанталаса көмек көрсеткенімен, аман алып қала алмады, деп хабарлайды «Лада» басылымы.
Перинаталдық орталыққа науқас екі күн бұрын 23 желтоқсанда жатыпты. Дәрігерлер оған аяғындағы қантамырларының варикоздық кеңеюі және Вальсальв синусының аневризмасы, яғни белгілі бір аорта бөлігінің кеңеюі диагнозын қойған. Мұндай белгілер жүктілік кезінде жиі байқалады әрі жүкті әйелдің өміріне қауіп төндірмейді, деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Мас дәрігер толғағы келген әйел мен іштегі сәбиін өлтірді
Аяқ асты есінен танып қалған әйелдің өмірі үшін дәрігерлер бір сағаттан астам уақыт бойы арпалысқан, өкінішке орай науқас жан тапсырды.
Дәрігерлер оның мәйітін сойып, өліміне не себеп болғанын анықтауға тиіс болатын. Алайда туыстары бұл процедурадан бас тартып, марқұмның денесін беруді талап етті.
Мәйітті бермей қойғанда, бірден шу көтеріп, перзентханаға басып кіргендер саны қызметкерлерден басым түсіп, әйелдің денесін жерлеу үшін алып кетеді.
Марқұмның туыстары оның қазасына дәрігерлерді айыптайды, ал медицина қызметкерлері оларды сараптама жасатуға көндіре алмай отыр. Дәрігерлер полицияға арыз жазса да, тәртіп сақшылары әлі үнсіз.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/