Ақтауда жоғалып кеткен бойжеткеннің мәйіті табылды
Ақтауда ақпан айының соңында жоғалып кеткен бойжеткеннің денесі табылды деп жазады «Лада». 2002 жылы туған қыз 11-шағынаудандағы өз үйінен шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды «Азаттық Рухы» сайты.
«Теңіз жағасынан оның киімдері мен жеке заттары: курткасы, жейдесі, бейсболкасы және ұялы телефоны табылды», — делінген аталған басылым таратқан хабарламада.
Бойжеткен үйінен 23 ақпан күні кешке шығып кеткен. 25 ақпанда анасы полицияға хабарласып, қызының жоғалғанын айтқан. Полицейлер жоғалған қыздың мәйітін сол күні 4-ші «А» шағынауданынан тауыпты. Оның денесінде зорлық белгілері болмаған.
«Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін өзі өлтіруге жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.