Ақтауда жезөкшелер ордасы анықталып, 12 қыз-келіншек ұсталды

0

Заңсыз бизнесті ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды

АЛМАТЫ, 29 сәуір — Sputnik. Ақтаудағы сауналардың бірінен жезөкшелер ордасы анықталып, бір топ қыз-келіншек ұсталды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жезөкшелер ордасын полицейлер газеттегі астыртын жарнама арқылы анықтайды. Ол араға полиция қызметкерлері тұтынушы ретінде барған.

«Шамамен түнгі 12-де ақшаға интим қызметін көрсеткен 12 қыз-келіншек пен оларды тасымалдаушы 3 жүргізуші ұсталды. Ұсталған 12 әйелдің екеуі Өзбекстан азаматы болып шықты, қалғаны жергілікті тұрғындар. Олардың барлығы тіркеуге алынып, есепке қойылды», — дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Заңсыз бизнесті ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады жергілікті Тумба басылымы. 



sputniknews.kz