Ақтауда жас жігіт асылып өлді

Жаңа жыл түні қаладағы 3-ықшамауданда жас жігіттің денесі пәтерінен табылды.
Марқұмның өлі денесін туыстары тауып алған. “Қылмыстық құқықбұзушылық картасы” мәліметінше, тағы бір адам өлімі 24 желтоқсанда тіркелген. Ол оқиға 26-ықшамауданында болды. Одан өзге тағы екі іс тіркелген, бірақ “Картада” тіркелмеген.
24 мен 31 желтоқсан аралығында қалада 2 тонау ісі, 21 ұрлық ісі, 1 шабуыл, 2 бұзақылық, 7 алаяқтық, 7 есірткілік затқа қатысты іс тіркелді. Бұл мерзімде жалпы 44 қылмыс жасалған.
Дереккөз: Stan.kz