Ақтауда жарылыс болып, екі адам қаза тапты
«11 желтоқсанда Ақтау қаласындағы 2-інші өнеркәсіп аймағында орналасқан металл қабылдау базасында белгісіз зат жарылған. Салдарынан 5 адам зардап шегіп, олардың екеуі оқиға орнында қаза тапты. Бұл жерді полицейлер қоршауға алды. Оқиға орнында ІІД «Арлан» арнайы бөлімшесінің 3 қызметкері мен 1 техникасы және Маңғыстау облысы ТЖД-інің 9 адамы мен 2 техникасы жұмыс істеуде. «Арлан» қызметкерлері жарылыс орнынан 11 дана оқыту снарядтарын тапты»,- деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Ведомоствоның атап өтуінше, алдын ала болжам бойынша жарылыс снарядты детонациялау кезінде болған.
Дереккөз: ҚазАқпарат