Ақтауда жаппай жол-көлік оқиғасы болды — Тосын жай

2 қаңтарда Ақтауда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының маңында үш автокөлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам зардап шекті, — деп хабарлайды Lada.kz.
Оқиға 2 қаңтарда таңғы 08:30-да болған. Жол апаты салдарынан бір адам зардап шекті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді.
«Шамамен 09:00-де зардап шеккен адам Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген», — деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері.
Портал мәліметінше, жолдардың мұзтайғақ болуына байланысты көліктер соқтығысқан.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz