Ақтауда жағалауда өріп жүрген жыландар тұрғындарды шошытты (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Жағалауда өріп жүрген жыландар Ақтау тұрғындарын шошытты. Адамдар өз қауіпсіздігі үшін алаңдай бастаған.

Ақтауда жағалау маңында өріп жүрген жыландар тұрғындарды шошытты (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпарата агенттігі «Лада» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ал бауырмен жорғалаушылар бойынша сарапшылар жергілікті тұрғындарды тыныштандыруға асықты. Олардың сөзінше, Ақтауда жағалауда өріп жүрген жыландар – су сарыбас жыланы. Олар адам өміріне қауіп төндірмейді, дейді.

 Ақтауда жағалау маңында өріп жүрген жыландар тұрғындарды шошытты (видео)

«Дронт» экологиялық орталығының жанындағы қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушыларды қорғау бірлестігінің координаторы Марк Пестовтың сөзіне қарағанда, әдетте улы жыландардың басы үшбұрыш пішіндес, ал көзінің қарашығы тік саңылаулы болады. Ал улы болып табылмайтын жыландарда ол дөңгелек болады екен. 

«Суда немесе Каспий жағалауында кезіктірген жыланыңыз қауіпті емес», — дейді маман. 

 

Марк Пестов жылан шағып алған жағдайда бірден жарадағы қанды сорып алып, прфилактика үшін аллергияға және гистаминге қарсы дәрілерді қабылдауға кеңес берді. Сонымен қатар көп су ішу керектігін айтады. 

 

stan.kz