Ақтауда үсті-басы қанжоса ер адам 4-қабаттан секіріп кетті

0

Желіде 4-қабаттан секіріп кеткен ер адамның видеосы тарады, — деп хабарлайды Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеоны 28а шағынауданының тұрғындары түсірген. Кадрлардан тұрғын үйлердің бірінде ер адам алдымен 4 қабаттың ашық терезесінде бірнеше минут отырғанын көруге болады. Ер адамның үсті-басы қанжоса, сонымен қатар қоршаулар мен балкон сырты да қанға малынған. Біраз уақыт ол пәтердің ішінде біреумен сөйлеседі, содан кейін орнынан тұрып, төмен секіреді.