Ақтауда тұрғындар мен шенеуніктердің кездесуі төбелеске ұласа жаздады (видео)

0

Ақтауда үлескерлер мен шенеуніктердің кездесуі төбелеске ұласа жаздады. Тұрғындар құрылысқа миллиондап ақша салған, алайда үй бірнеше жыл бойы пайдалануға берілмеген. Ашуға булыққан олар құрылыс салушыларды жазалауды сұрап отыр. Одан бөлек, мұнда бір пәтерді бірнеше клиентке сатқаны анықталды деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

«Гаухар ТАС» тұрғын үй кешенінің орнына үлескерлер бірнеше жыл бойы сырты қоршалған төртқабатты ғимарат көріп отыр. Құрылыс салушы нысанды өткен жылы өткізуге уәде берген. Үлескерлер компания бірде пандемияны, бірде блок жоқтығын себеп еткенін айтып отыр.

Одан бөлек, құрылыс салушылар адамдар күткен уақытта бір пәтерді бірнеше клиентке сатқаны анықталды.

Светлана Мамбетованың сөзінше, тұрғын үй алаңына тағы бір адам үміттеніп отыр. Бір пәтердің бес иесі бар жағдайлар да кездескен. Ал басқа үлескер Баян Үмбетова адамдардың ақшасын қайтарамыз деп алдап кеткенін айтады. Қазір компания үнемі кеңсесін ауыстыруда. Осы мәселеге байланысты, 300-ге жуық адам облыстық әкімдікке митингіге шықты.

Шенеуніктердің айтуынша, бұл жағдайда құжаттарды мұқият тексермеген сатып алушылардың өзі кінәлі. Ал биліктегілердің қолы байлаулы.

Ақтау әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Бекнұр Балиұлының айтуынша, құзырлы органдар компанияны бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Құжаттар да сотқа жіберілді. Айтуынша, бұл заңнамамен қарастырылатын максималды шара. Полиция құрылыс салушыға «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Қазір компания басшысы ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр. Сондықтан, қоныс аудару немесе ақшаны қайтару мәселесі әлі де өзекті.

Айта кетейік, қазақстандықтардың ұялы телефонына жеке құжаттардың мерзімі аяқталғаны туралы SMS-хабарлама жіберіледі.