Ақтауда тәрбиешіні ұрған директорға айыппұл салынды

0

Ақтаудағы «Айналайын» жекеменшік балабақшасының директоры тәрбиешілердің бірін соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Lada.kz басылымы жазды.

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында мекеме басшысы Гүлжанат Мұратбайға қатысты әкімшілік іс қаралған.

«14 ақпанда сағат 17.00-де «Айналайын» балабақшасының директоры тәрбиешінің көмекшісі У.-мен сөзге келіп, ыдыспен басынан ұрған. Тәрбиеші женсаулығына жеңіл зақым келген. Медициналық сараптама қорытындысы және оқиға куәгерлерінің сөздері директор кінәсін айғақтады» делінген сот хабарламасында.

Басылымның жазуынша, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-1-бабы 1-тармағы («Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») бойынша, балабақша директорына 37 875 теңге айыппұл салынған.

Азаттық

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз