Ақтауда тәрбиешілер балаларды қақпадан кіргізбей қойған (видео)

Тәрбиешілер мен директор кейбір бүлдіршіндерді №15 «Өркен» балабақшасына кіргізбей, оларды қақпаның сыртына тұрғызып қойған. Бұл туралы Lada.kz басылымы жазды.
Ата-аналардың айтуынша, балабақша басшылығы төлемді көтерді, ал жаңартылған бағаны төлеуден бас тартқандар қақпаның сыртында қалып отыр.
– Мұның бәрі келісімшартқа отырмағандығымыздан шығып отыр. Биылғы жылы біздің қаладағы басқа балабақшалар төлемді көтермеген. Ай сайынғы төлем 25 мың теңгеге дейін көтерілді, – деді ата-аналар.
Олардың айтуынша, бұған балабақшаның негізін қалаушы жауапты.