Ақтауда сүйіктісімен ренжісіп қалған жігіт жұрттың зәресін алды
Қысқа сілтеме алу
Жас жігіт өкпелетіп алған сүйіктісімен тілдесу үшін басын қатерге тіккен
НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде — Sputnik. Ақтауда 25 жастағы жігіт сүйіктісімен ренжіскеннен кейін көзсіз қадамға барып, дүйім жұрттың зәресін алды.
Өкпелетіп алған құрбысының сегізінші қабаттағы пәтеріне жоғарыдан түспек болған жігітті полицейлердің құтқаруына тура келді, деп жазады КТК.
Оқиға куәгерлері оны өз-өзіне қол жұмсағалы жатыр деп ойлап қалыпты. Жігітке жалынып, райынан қайтаруға тырысқан. Ал романтик жігіт сегізінші қабатқа тартылған кабельмен өрмелеп сүйіктісіне жетпек болыпты.
Тұрғындардың айғайын жолдан өтіп бара жатқан патрульдік полиция естіп, көмекке барады. Полицейлердің бірі жігітті сөзге тартқан кезде, екіншісі бірнеше тұрғынмен бірге жабылып, шалбарының белбеуіне жармасып ішке тартып алған.
Тағы оқыңыз: Әйелін тексермек болған жігіт оңбай алданып қалды — видео
Жігіт ақырына дейін сымға жармасып, қарсылық танытыпты. Кейінірек шошып, не істерін білмей қалғанын мойындады.
sputniknews.kz