Ақтауда шетінеп кеткен сәбиге маусым айында сатып алынған шұжық жегізген

0

Бұл ет өнімін отбасы көршілерінен алған.

Ақтауда шұжық жеген 3 жасар бала шетінеп кетті Тағы да шұжықтан адам уланды! Ақтауда бүтін бір отбасы қуырылған шұжық пен макарон жеп ауруханаға түсіп, 3 жасар балалары шетінеп кетті. Қазір мамандар оның қандай шұжық екенін біле алмай жатыр. Бұл туралы zakon.kz, КТК телеарнасы жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ет өнімін отбасы көршілерінен алған. Тұрмысы төмен отбасына шұжықты бергенде көршісі оның жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін ескертіпті.

Әйтсе де, 4 баланың анасы шұжықты қуырып ортаға қойған. Тамақтанғаннан кейін сәлден соң, 3 жасар ұлының іші қатты ауырған.

Анасы ішін арнайы ерітіндімен тазартқан соң ұйықтап қалса керек.

Түнде қалған отбасы мүшелері де іштері өтіп, құса бастаған. Ал, таң ата жедел жәрдем келгенде 3 жасар сәби шетінеп кетті. Қазір анасы 3 баласымен аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде жатыр.

Әкелерінің жағдайы жақсы, үйіне жіберілген. Баланың өліміне себеп болған жағдай қазір тексерілу үстінде.

Бірақ, мамандар әзірге олардың қандай шұжық жегенін біле алмай дал. Өйткені қолданған шұжықтың не өндірушісін, не атауын ешкім білмейді.

Азамат Сәрсенбаев, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің басшысы: -Ауруханада жатқан отбасы мүшелерінің жағдайы қалыпты. Өмірлеріне қауіп жоқ.Олар өздерінің сүрленген шұжық жегендігін айтады.Егер олар ертерек медициналық көмек сұрап, дәрігер шақыртса баланы аман алып қалуға болар еді.Өкінішке орай,олай етпеген.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз