Ақтауда қыздың ішегінен бір уыс шаш пен ине шықты
Қысқа сілтеме алу
Қызға отаны дәрігер Насуқан Отарғазиев жасады, ол былтыр тамызда басы дауға қалып, бір тәулікке темір торға қамалған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері 14 жастағы қыздың ішегінен бір уыс шаш пен ине алып шықты. Операцияны өткен жылы жазықсыз жазаланған дәрігер Насуқан Отарғазиев жасады.
Іші ауырған мүгедек қыз ауруханаға ауыр жағдайда түскен.
«Рентген аппаратына суретке түсіргеннен кейін ішектен бөгде зат анықталды. Хирургтің жедел ота жасауының арқасында, қыздың ішегінен ине мен бір уыс шаш шықты», — деп жазды Отарғазиевтің досы, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев.
Отадан кейін асқыну болған жоқ, баланың жағдайы қанағаттанарлық, деп нақтылады Сәрсенбаев.
Балалар дәрігерінің қамауға алынуы
Насуқан Отарғазиев өткен жылы Ақтауда ауруханаға келген әйелмен болған жанжалдан кейін бір тәулік изоляторда отырып шықты.
Тағы оқыңыз: Шымкентте жүкті келіншектің ішінен 50 шақты тас шықты
Оны әйелге әдепсіз сөйледі деп кінәлаған болатын.
Кейін апелляциялық инстанция балалар хирургін құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақтап шықты.
sputniknews.kz