Ақтауда подъездің кіреберіс шатыры құлап, бір адам мерт болды

0

Ақтауда подъездің кіреберіс шатыры құлап, бір адам мерт болды. Тағы екі адам зардап шекті, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға бүгін болған. Салдарынан бір адам қаза тауып, зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілген.

«Бір адамды құтқару мүмкін болмады. Ол оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді», — делінген хабарламада.