Ақтауда өрт сөндірушілер оқиға орнынан неге кетіп қалғаны белгілі болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Өртті сөндіруге қатысқан кезекші қарауыл ереже бойынша әрекет еткен

АЛМАТЫ, 24 сәуір — Sputnik. Ақтау қаласында өрт сөндірушілер өртті толық сөндірмей кетіп қалған. Видеожазбаға төтенше жағдайлар комитеті түсініктеме берді.

Ақтау маңындағы Атамекен ауылында өрт шыққаны туралы хабарлама 23 сәуір күні кешкі алтының шамасында түскен.

Оқиға орнына дереу алты адамнан тұратын Ақтау қаласы СПЧ-2 кезекші қарауылы мен екі техника жіберілген. Олар өрт шыққан жерге бар-жоғы сегіз минутта жеткен. Жалын екі қабатты үйге толық шарпығаны анықталды, өрттің жалпы аумағы – 150 шаршы метр.

Су сегіз және алты тонналық цистерналардан үйдің іші-сыртына бір мезгілде тартылды, деп атап өтті өрт сөндірушілер. Қабылданған шаралардың арқасында 18 сағат 26 минутта өрт ауыздықталды.

«Сонымен бірге, өрттің таралуын тоқтату үшін көп көлемде су берілгендіктен, 22-25 минуттан кейін, яғни сағат 18:30-да цистерналардағы су таусылған», – деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.  

Осыдан кейін өрт сөндірушілер шұғыл түрде су толтырып келуге жөнелтілген. Алайда жақын маңдағы сумен қамтамасыз ету желісінде су жоқ болып шыққан, өйткені ол елді мекенде су белгілі бір уақытта ғана беріледі екен.

Су құятын жалғыз орын елді мекеннен үш шақырым жерде орналасқан ауылдың сорғы станциясы екені белгілі болды.

Осылайша, өрт сөндіру қызметкерлері өртті сөндіру үшін су қорын толтыруға қосымша уақыт жұмсауға мәжбүр болды. Куәгер видеоға түсірген техникалар су құюға кеткен сәттен бастап қайтып оралғанға дейін 26 минут өткен. Осы уақыт ішінде оқиға орнында қалған өрт сөндірушілер жергілікті тұрғындармен бірге өрттің таралуына жол бермеуге тырысқан.

«Өрт сағат 19:21-де толық сөндірілді», – деді ТЖК баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге барлығы жеке құрамның 11 адамы мен 3 техника қатысты.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз