Ақтауда күйеуі әйелін 20 жерінен пышақтап, өзіне қол жұмсаған

0
107

Ақтаудағы дүкендердің бірінен ерлі-зайыптының өлі денесі табылды. Олар пышақ жарақатын алған.

Ақтауда дүкеннен ерлі-зайыптының өлі денесі табылды. Бұл туралы «Лада» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Басылым мәліметінше, ерлі-зайыпты 28-ықшам аудандағы дүкенді жалға алған.

Болжам бойынша, 16 желтоқсанда, дүкен жабылғаннан кейін ер адам әйелін 20 жерінен пышақтап тастаған. Мұнан кейін өзіне қол жұмсаған.

Полиция департаментіндегілер оқиғаға қатысты ҚР ҚК 99-бабына (Кісі өлтіру) сәйкес тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

«Сағат 10:45-тердің шамасында «Гүлнар» дүкенінің тұрмыстық бөлмесінен мүрделер табылғаны туралы қоңырау түсті. Ер адам мен әйелдің денесінен пышақ жарақаты табылды», – делінеді хабарламада.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/