Ақтауда көші-қон қызмет көрсету орталығы ашылды

0
01 Желтоқсан 2018, 18:08 62 0

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ақтауда көші-қон қызметтерін көрсету орталығы ашылды.

Көші-қон қызметтерін көрсету орталығы «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Мұнда шетелдік азаматтар медициналық тексеруден өтіп, ЖСН ала алады.

Барлық қызмет түрлерін ұсыну үшін мемлекеттік баж салығын төлеу, сақтандыру полисін ресімдеу, Қазақстан Республикасындағы еңбек қызметіне рұқсат алу үшін қажетті дактилоскопиялық тіркеуден өту секілді қызметтер көрсетіледі. Сондай-ақ көрсетілетін қызметтер қатарына шетелдіктерді тіркеу, визалық қолдау мәселелерін шешу, тұрақты тұруға қалдыру және азаматтық алу мәселелері кіреді.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында 30 дамыған мемлекеттер қатарына кіру туралы еліміздің одан әрі дамуының жаңа стратегиялық міндеттерін алға қойды. Елбасының жолдауына сәйкес, облыс орталықтарында Көші-қон қызметтерін көрсету орталығын құру қажеттігі басты мақсат болатын. Сондықтан облыс аумағына келген шетел азаматтарын тиісті тіркеуді қамтамасыз ету және олардың аймақта болуын бақылау, қызмет көрсету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында біз заманауи жабдықталған үлкен жайлы залы бар көші-қон қызметі орталығын аштық. Бұл орталық мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, сондай-ақ азаматтардың күту уақытын қысқартуға ықпал етеді», — деді Ералы Тоғжанов.

Бұдан басқа, орталықта қаруды тіркеу және сақтауға рұқсат беру, газ жабдығын орнатуға рұқсат беру, әкімшілік айыппұлдарды төлеу және күзет қызметі үшін лицензия беру секілді мемлекеттік қызметтерді де көрсететін болады.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ