Ақтауда көшеде масқара болып, видеосы тарағандардың кім екені анықталды
Ғашық жұп үйсіз-күйсіз жүрген адамдар болып шықты
Ақтау полицейлері далада жыныстық қатынасқа түскен еркек пен әйелдің жеке басын анықтады.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 29 шілде күні күндіз 26-шағынаудандағы № 28 үйдің жанында болғанын хабарлады. Ғашық жұп үйсіз-күйсіз жүрген адамдар болып шықты, деп хабарлады инАктау.
«Полицейлер кеше, 29 шілдеде олардың жеке басын анықтады. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша хаттама жасалды», — деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде еркек пен әйел күндіз далада жыныстық қатынасқа түсіп жатқаны туралы видео тарап кеткен болатын. Ғашықтардың әдепсіздікке еті үйреніп кеткені соншалық, олар жанынан өтіп бара жатқан адамдарға мән беріп қарамаған.
sputniknews.kz