Ақтауда көлік дүкенге соғылып, салдарынан бойжеткен қысылып қалған

0

Ақтауда көлік жол апатын жасап, дүкенге кіріп кетті. Салдарынан 19 жастағы қыз зардап шекті.  Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Lada.kzсайтына сілтеме жасап хабарлайды.

20 қарашада 27-шағын ауданда орналасқан дүкенге көлік соғылды. Оқиға салдарынан 19 жастағы қыз зардап шекті.

Маңғыстау облыстық жедел жәрдем қызметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік дүкенге кіріп кеткен кезде бойжеткен сөрелердің арасында қысылып қалған.

Науқас сол аяғы, арқасы, сол жақ жамбас буынының ауырсынуына шағымданды. Азық-түлік сөрелері оның аяғы мен белін қысып қалды. Дәрігерлер ішкі ағзалары көгеріп, сүйегі сынуы мүмкін деп болжады. Ол қосымша тексеру үшін Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілді.

Полицейлердің мәліметінше, жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабы «Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң адам денсаулығына зиян келтiруiне, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң зақымдануына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерiн бұзуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Көлік айфыппұл тұрағына жеткізілді. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

“Сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижесінен кейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жолда мұқият әрі сақ болуға шақырады”, – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.