Ақтауда газ баллоны жарылып, ер адам көз жұмды

0

Ақтаудың «Хазар» гараж кооперативі аумағында 28 шілде күні газ баллоны жарылды.

Бұл туралы lada.kz Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. – Газ баллонының жарылуынан екі ер адам жарақат алды.

1983 жылғы азаматтың екі иығы, білегі, екі тізесі, іш пен беті күйген. Үшінші дәрежелі күйік денесінің 45%-іне зақым келтірген. Екінші 1985 жылғы адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды, — деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

24.kz