Ақтауда ер адамның әйелді лифтіде ұрып-соққан сәті видеоға түсіп қалды

0

Желіде ер адамның лифтіде әйелді ұрып-соғып жатқан видеосы тарады. Оқиға 27 сәуірде Ақтауда болған, — деп хабарлайды Kznews.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.

Видео Ақтаудағы 4-шағын аудандағы №7 үйдің лифтінде түсірілген. Онда ер адамның әйелді тепкілеп, жұдырықтап жатқаны көрсетілген.

Құқық қорғау органдары күдіктінің анықталып, ұсталғанын хабарлады. Бұл құқық бұзушылық үшін күдікті бес тәулікке дейін қамауға алынады.

«Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеті үшін ер адам жауапқа тартылды. Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді», — деп хабарлады полиция қызметкерлері.