Ақтауда ер адам екі әйелге шабуыл жасады
Қысқа сілтеме алу
Қайғылы оқиға 5-шағын аудандағы 28-ші үйде болған
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Ер жігіт екі әйелге шабуыл жасап, біреуін жаралады. Ал екінші әйел алған жарақатынан көз жұмды.
Қайғылы оқиға сәуірдің 28-нен 29-на қараған түні болған. Куәгерлердің айтуынша, күдікті мұндай қылмысты бірінші рет жасамаған, деп хабарлайды «Лада» порталы.
Тағы оқыңыз: Жігіт келіншегін 12 метр биіктіктен лақтырып жіберді-видео
Оқиға Ақтаудың 5-ші ауданындағы 28-ші үйде болған.
«Ол мұндай қылмысты бұған дейін де жасаған болатын. Менің білуімше, күдікті осыған дейін адам өлтіргені үшін жазасын өтеген. Бұл пәтерден үнемі айқай-шу еститінбіз. Олар бір-бірімен жиі төбелесіп, жанжалдасатын. Талай рет арыз да жаздық. Бірақ бұл фактіге ешкім тиісті деңгейде көңіл аударған жоқ», — дейді қала тұрғыны.
Жергілікті полиция оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.
sputniknews.kz