Ақтауда екі студентті пышақтап кеткен
Маңғыстау политехникалық колледжінің екі студенті пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Бұл оқиға 11 желтоқсан күні Маңғыстау политехникалық колледжінде болған. Екі жәбірленушіні жедел жәрдем көлігі сағат 13:30 шамасында ауруханаға жеткізген. Студенттердің қалай пышақ жарақатын алғаны белгісіз.
Еске салсақ, Ақтауда осы жылдың шілде айында саунада массаж жасаушы мен екі қыз пышақтасқан болатын. Сондай-ақ, Маңғыстау облыстық ауруханасына пышақ жарақатын алған ер адам жеткізілген еді. Ал Ақтауда қазан айында пышақтан жарақат алған ер адам ауруханаға жатқызылды.
Дереккөз: sn.kz