Ақтауда екі қыздың біртүрлі әрекеті видеоға түсіп қалды

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қыздар көліктің дөңгелегін тесіп, өртеп жібермек болған. Болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Түсініксіз жағдай Ақтаудағы 21-ші шағын ауданда қарашаның 25-нен 26-сына қараған түні болған. Қыздар түнгі 03:00-де тұрақта тұрған Mercedes-Benz көлігіне сұйықтық құйған. Алайда қыздар көлікті өртей алмады. Нәзікжандылардың бұған көңілі толмаса керек. Олар көліктің дөңгелегін тесуге кірісті.

Көлік иесі бөтелкеде алкогольдік ішімдік болды деген болжам жасап отыр. Жігіт полицияға хабарласқан жоқ. Алайда видеоны желіге жүктеді, деп хабарлайды Lada.kz.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның батысында жартылай жалаңаш қыздар көлік жуып жатыр — видео

«Бір дөңгелегімді тесті, екіншісін кескілеп тастады. Бамперлерді сызып кеткен. Полицияға бармаймын деп шештім. Қыздар өздерін интернетте көрсін деймін. Бұл ең дұрыс жаза», — дейді көлік иесі.



sputniknews.kz