Ақтауда дабыл қағылады

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

25-26 ақпан күндері қала аумағында «Көктем–2020» командалық-штабтық оқу-жаттығуын ұйымдастыру жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik.  Ақтау қаласында дабыл қағылады, деп хабарлады Lada.kz.

«25 ақпан күні сағат 10:00-да электрсиренасын іске қосу арқылы, қала бойынша дабыл қағу жоспарланған. Сондықтан да азаматтарды сабыр сақтап, алаңдамауға шақырамыз», – делінген Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз мәлімдемесінде.

Alau.kz порталының хабарлауынша, Қостанай облысында да «Көктем–2020» командалық-штабтық жаттығуы өтіп, дабыл қағылады.

Айта кетсек, «Көктем–2020» командалық-штабтық жаттығуы аясында мемлекеттік басқару органдары мен азаматтық қорғаныс жүйесі күштерінің көктемгі су тасқыны мен өзге де төтенше жағдайларға дайындығы пысықталады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз