Ақтауда бір топ оқушы құрдасын ұрып-соғып, әбден тепкен (ВИДЕО)

0

Ақтау мектептерінің бірінде бір топ оқушы құрдасын соққыға жыққан – полиция өкілдері бұл жайтты растады, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат порталы.

Lada.kz басылымының жазуынша, бұл жағдай жалпы білім беретін мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде болуы мүмкін екенін жазады. Оқиға орнынан тараған видео ұялы телефон камерасына түсірілгенге ұқсайды. Видеодан бір топ төменгі сынып оқушысы бір баланы жабылып ұрып жатқанын көруге болады. Өңірлік полиция департаменті өкілдері басылымға бұл деректі растаған.

«Тәртіп сақшылары бала тәрбиесіндегі міндеттерін орындамағаны үшін ата-аналарды жауапқа тартады. Жасөспірімдер профилактикалық бақылауға алынды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 435-бабы – Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық бойынша хаттама толтырылды. Бұл баптың санкциясы ата-анасына 7 АЕК (11 076 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады», — деп жазады Lada.kz.

Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілген. Ақтау қалалық білім бөлімі оқиға 15 қарашада №24 мектепте болғанын хабарлаған. Бұл факт бойынша мектеп директоры мен оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары полиция бөлімшесіне шақыртылған. Барлық қатысушы анықталып, жағдай бақылауға алынған.

фото: tvc-ru