Ақтауда бір мезетте екі қызды көлік қағып кетті
Ақтауда бірден екі қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды kznews.kz сайты Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқиға 1 сәуірде сағат 23.20 шамасында 15-шағынауданда болған. Оқиға орнына полицейлер мен жедел-жәрдем қызметкерлері келген.
Lada Kalina жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды. 16 және 22 жастағы екі қыз зардап шеккен. Олар облыстық ауруханаға жеткізілді.
Ал жүргізушіге әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына жеткізілді.