Ақтауда баланы ойын алаңынан әкетіп бара жатқан педофил ұсталды (ВИДЕО)

0
12

Оқиға бүгін, түскі сағат бір шамасында болды, деп хабарлайды Инактау.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 124-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. (біле тұра кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық жасамай, арамдық жасау).

Куәгерлердің айтуынша, ер адам қызды алып кеткенде, көршілері оны қорқытып жіберген. Шабуыл жасаушы қашып кетуге тырысты, бірақ көршісі оны ұстап алып, полиция жасағы келгенше күткен.