Ақтауда азғындық жасамақ болды деген күдікті ұсталды

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ер адам кәмелетке толмаған баланы зорлауға әрекеттенгенін мойындады. Қазір ол уақытша ұстау абақтысында отыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Ақтау полицейлері кәмелетке толмаған балаға сексуалдық зорлық жасамақ болды деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол бұрын тонау, ұрлық және бұзақылық  жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды.

Ер адам уақытша ұстау абақтысына қамалды, қазірдің өзінде жасаған қылмысын мойындап отыр, деп хабарлады Lada.kz Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Ведомствоның мәліметінше, 20 қазан күні күндіз ер адам қызға келіп, оны алдап зират жаққа апарған. Полицияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған адам азғындық сексуалдық әрекеттер жасауды жоспарлаған, бірақ оны өтіп бара жатқан адамдар байқап қалған соң қашып кеткен.

«Ер адам жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды. Ол бұрын сотталған. Кінәсін мойындады. Қазір уақытша ұстау абақтысында отыр», — деп хабарлады облыстық полиция бөлімі.

Қазіргі уақытта Қазақстан Қылмыстық кодексінің 120-бабы үшінші бөлігі (Зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, онда ол он екі жылдан он жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



sputniknews.kz