Ақтауда «әскери комиссариаттағы адамдар» ер адамды көлікпен алып кетпекші болған — Тосын жай
Ақтау тұрғыны әскери форма киген адамдардың оның туысын мәжбүрлі түрде көлікпен алып кеткісі келгеніне наразылық білдіріп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «ЛАДА» басылымына сілтеме жасап.
Ер адамның айтуынша, оның бауырын әскери форма кигендер тоқтатқан.
«Әскери комиссариат қызметкерлері келіп, ештеңені де түсіндірмей, бауырымды көлікке итере бастады. «Неге қызметтік көлікке емес және әскери комиссариат мекенжай бойынша шақыру қағазын неліктен жібермеген?» деген сұраққа олар шақыру қағазы мен қызметтік көліктің жоқ екенін айтты. Тек бір іс-шаралардың жоспарын көрсетті», — дейді ер адам.
Басылымның мәліметінше, бұл оқиғаға қатысты әзірше пікір алу мүмкін болмады. Ақтаудың Қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Ілияс Тұрбаев осы жағдайға қатысты тек басшының пікір білдіретінін айтты.