Пакетін алуды ұмытқан. Ақтауда «әскерден қашқан» жігіт жазаланбайтын болды

0
44

Ақтауда әскерге шақыру пунктінен қашуға тырысқан азамат барлық шақырылушылар автобусқа отырған кезде не себепті жүгіргенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол қашуға тырысқаны үшін жазаланбайды. Маңғыстау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының міндетін атқарушы Сейтек Шамшырақов бұл туралы айтты, деп жазады Лада.

Маңғыстау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының міндетін атқарушы Сейтек Шамшырақов әскерге шақырылушылардың қашып кету әрекеті туралы мәлімет берді.

«Қашу оқиғасы жастар автобусқа отырғалы тұрған кезде болды. Осы сәтте кенеттен әскер қатарына шақырылғандардың бірі қашуға тырысты. Кейін ол пакетті алуды ұмытып кеткенін түсіндірді. Ол кешірім сұрады. Ол қашуға тырысқаны үшін жазаланбайды, өйткені ол әлі ант бермеген. Онымен түсіндірме әңгіме жүргізілді», – деді Сейтек Шәмшірақов.

Сейтек Шәмшірақовтың айтуынша, қашқын әскери қызметші Ақтөбе облысында қызмет ететін болды.

Естеріңізге сала кетейік, барлық шақырылушылар автобусқа отырғызылған кезде әскерге шақырылушы қашып кетуге тырысқан еді. Жігіт пункт қақпасынан өтіп үлгерді. Оны іздеу үшін әскери комиссариаттың екі офицері соңынан жүгірді.

Ақтау полиция бөлімінің «Сұңқар-9» патрульдік полиция батальонының экипажы жігітті ұстап алды.