Ақтауда АӘК алуға келген әйелдер бір-бірінің жағаларынан алды (видео) — Қазақстан жаңалықтары
Ақтау қаласында жұмыспен қамту және қоғамдық бағдарламалар орталығында АӘК-ті беру кезінде жаппай төбелес орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әйелдердің жаға жыртысы түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті.
Видео авторының сөзінше, бірнеше әйел АӘК алып жатқан кезде бір-бірімен жанжалдасып, артынша төбелесіп кеткен. Орталықта балаларға арналған азық-түлік таратылып жатқан.
«Әйелдер мүгедек балалары мен емшектегі сәбилерін тастап осында келуге мәжбүр. Мемлекетке дәл осындай таусылмайтын үш кезектен кейін атаулы әлеуметтік көмекпен қамтасыз етіп отырғанына мың да бір алғыс», — депті видео авторы.
Бұл туралы орталықтың жетекшісі Гүлнәр Қайырлиева сөз қозғады.
«Жәрдем тағайындауда ұрыс-керіс болмайды. Тек сол күні екі әйел келіспей қалған», -деді ол.
https://www.youtube.com/watch?v=SjDJGeLd1V0
Бұған дейін еліміздің бірнеше өңірлерінде АӘК-ті кері қайтармаймыз деп аналар бас көтерген еді.
stan.kz