Ақтауда 3 жасар бала тамақтан уланып, көз жұмды
Маңғыстау облысында тұтас бір отбасы тамақтан уланып, жедел түрде облыстық ауруxанаға жеткізілді.
Балалардың біреуі қайтыс болды. Бүгін 6 науқас «тағамдық токсикоинфекция» диагнозымен облыстық ауруxанаға жеткізілген. Олардың қатарында 2 ересек және 4 бала бар.
МО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі мәлім еткендей, қазір науқастардың жағдайы бірқалыпты ауыр. Алдын-ала болжам бойынша, отбасы 11 қараша күні сағат кешкі 5-тер шамасында қуырылған шұжық пен макарон жеген соң улануы мүмкін.
Анасының айтуынша, балалар түнгі 1-де ауыра бастаған. Әуелі 3-тегі баласы ауырады. Асқазанын марганец ерітіндісімен шайған соң, бала ұйықтап қалады. Түн ауа шешесінің өзі мен қалған балалары да ауыра бастайды. Жағдайлары нашарлаған соң ғана жедел жәрдем шақырады. Осылайша, анасы мен 3 жасар баласы жан сақтау бөліміне түседі. Өкінішке қарай, баланың өмірін дәрігерлер аман алып қала алмады. Ол таңғы сағат 7-лер шамасында қайтыс болды. Ал, қалған науқастар инфекциялық бөлімге ауыстырылған.
Дереккөз: ҚазАқпарат