Ақтауда 15 жастағы қызды зорлап кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақтауда 15 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ер азамат қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Қостанайда ер адам 11 жасар қызды ұрып-соғып, зорламақ болды

Бұл туралы облыстық прокурордың орынбасары Ержан Тұрмағанбетов мәлім етті.

Қызының қорланғанын білген оның анасы 8 мамыр күні полицияға арызданған. Қазіргі таңда күдікті ұсталып, үстінен екі қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. 

«Күдіктінің іс-әрекетіне орай ҚР қылмыстық Кодексінің 120-шы бабының 3-ші және 1-ші бабы 1,2 тармақтарымен яғни, кәмелет жасқа толмаған адамды зорлау (белгілі бір лауазымдарды атқару не белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып) және ҚР ҚК 122-ші бабының 3-ші бөлігімен (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас не сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. 10 мамырда тергеу сотымен күдікті тұлғаға қатысты қолданылған «Күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына екі айға санкция берілді. Қылмыстық істің сапалы және объективті тергелуін қамтамасыз ету мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды», — деді Ержан Тұрмағанбетов, 

Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамауда екен. Тиісті сараптамал тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

 

 

stan.kz