Ақтау тұрғыны сүйіктісінің көңілдесін өлтіріп, бөлшектеп тастады

0
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

331 0 0

Күдікті 11 жылға бас бостандығынан айырылды

АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. Ақтауда сүйіктісінің көңілдесін балғамен ұрып өлтіріп, мәйітін қоқысқа тастаған адам сотталды.

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, жантүршігерлік оқиға Ақтауда өткен жылы жазда болған, алайда сот оған енді ғана нүкте қойды, деп хабарлады ИнАктау.

Іс материалынан белгілі болғандай, 2018 жылдың 25 маусымында ақтаулық келіншек үйіне бірге тұру үшін жаңа көңілдесін ертіп келген, алайда оларды әйелмен бұған дейін бірге тұрған тағы бір еркек күтіп отырған.

Мәселенің басын ашып алу үшін үшеуі бір үстел басына отырады, алайда олар сөйлесудің орнына арақ ішкен. Ішімдікке тойып алған ер адам сүйіктісін жаңа «үміткерден» қызғана бастайды. Соның салдарынан қонақты балғамен ұрып өлтіріп, бірнеше рет пышақтап тастайды. Қылмыстың ізін жасыру үшін пәтер иесі марқұмды бөлшектеп, мәйітті бірнеше қоқыс контейнеріне бөліп тастаған.

Тағы оқыңыз: Жантүршігерлік қылмыс жасаған атақты спортшылар

Маңғыстау облысының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағына (Кісі өлтіру) сәйкес кінәлі деп танылды. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Онымен бірге болған әйел аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін 1 жыл 6 айға сотталды.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/