Ақтау теңіз портында ер адам бас киімге есірткі заттарын салып алып өтпекші болды

0

Ұсталған адам бұл таблеткаларды тісі ауырғанда қолданатынын айтып ақталды.

Теңіз шекарашылары заңсыз өткізілмек болған бірнеше оқиғаның жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жағалау күзеті» Өңірлік басқармасының «Иса Батыр» катеріне мінген теңіз шекарашылары Каспий теңізінің 46.48 солтүстік ендігі мен 51.42 шығыс бойлығы аумағындағы «Пешной» бұғазының маңында «Урал» мотоцикліне мінген үш қазақстандықты ұстады. Мотоциклдың жүксалғышынан 377 кг қымбат бағалы балықтар мен бірнеше ау, құралдар табылды. Ұсталған азаматтардың үстінен ҚР ҚК 335 бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалатын болады.

Тәркіленген балық актіленіп «Тілекші» ЖШС-ына тапсырылды. Мемлекетке келтірілген шығын — 1 142 310 теңге деп есептелінді.

«Ақтау теңіз порты» аумағында теңіз шекарашылары шетелдік кемелердің бірінің капитанының көмекшісінен, оның баскиіміне жасырылған, есірткі заттарына жататын «Methadone» таблеткаларын тауып алды.

Ұсталған шетелдік — «бұл таблеткаларды тісім ауырғанда қолданамын» деп ақталмақ болды.

Ол Ақтау қалалсының полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

«Ақтау теңіз портында» шекарашылар Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық қылмыстарды тексеру қызметімен бірлесіп шетелден келген кемелердің бірін тексеру кезінде, арнайы құралдардың көмегімен 12 контейнер, акциздік маркасы жоқ темекі өнімдерін тауып алды. Санақ қорытындысы бойынша әртүрлі маркалы 16 349 қорапқа салынған 797 738 блок (8 041 080 пачка) темекі анықталды.

Анықталған темекі өнімдерінің жалпы құны Маңғыстау облысы бойынша МКД ЭҚТ қызметі есебінен соң белгілі болмады.

Контейнерлер мөрленіп «Ақтау теңіз портының» уақытша сақтау қоймасына тапсырылды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz