Ақтау қаласының ортасындағы күшті жарылыс видеоға түсіп қалды

0

Желіде Ақтау қаласының ортасында жанып жатқан көлікте күшті жарылыс  болғаны көрсетілген видео тарады. Бұл туралы Lada.kz сайты жариялады.

Куәгерлердің айтуынша, көлік 12 сәуірде «Аяулы Ана» тұрғын үй кешенінің жанындағы 34-ықшамауданда өртенген.

Кадрлардан машинаның қалай өртке оранғанын көруге болады, бір сәтте қатты жарылыс естіледі. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және жедел жәрдем келді.

Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.