Ақтау көшелеріне жыландар қаптап кетті

0

Көшеде қаптап жүрген жыландарды көріп шошыған ақтаулықтар оны видеоға түсіріп, желіге жүктеп жатыр

АЛМАТЫ, 18 сәуір — Sputnik. Экологтар Ақтау тұрғындарын теңіз жағалауындағы жолда қаптап жүрген су жыландарынан қорықпауға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Олардың айтуынша, бұл жыландардың тісі жоқ болғандықтан, адам үшін қауіпті емес. Ал олардың  құрғаққа шығуын мамандар сәуір айындағы әдеттегі құбылыс деп санайды.

Жылан итті тұншықтырды — оқиға немен аяқталды

Су астындағы үңгірлеріне қыстап шыққан жыландар жұмыртқа басу үшін осылай құрғаққа шағылысуға шығады екен.

«Бұл «водянка» деп аталатын балық шабағымен қоректенетін су жыландары. Тісі жоқ, сондықтан адамға да зияны жоқ. Олар өзгеге шабуыл жасамақ түгілі қорғануға да дәрменсіз. Қазір олардың құрғаққа шығып, шағылысатын уақыты. Кейін олар қайта теңізге кетеді. Сондықтан күнге қыздырынып жатқан жыланды көрсеңіздер, оған тиіспеңіздер!», — дейді ақтаулық эколог Кирилл Осин.



sputniknews.kz