Ақтау халыққа қызмет көрсету орталығына жылан келді – видео

0

Бауырымен жорғалаушыны мекеме қызметкері бөтелкеге ​​салып, теңізге апарып тастады

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Ақтау қаласында ХҚКО-лардың бірінде «шақырылмаған қонақ» адамдардың зәресін ұшырды. Дегенмен олардың қорқынышы ұзаққа созылмады – жыланды жұбататын адам табылды.

Мекеме қызметкері қабыршақты жыланды қорықпай ұстап, пластикалық банкаға қамады, содан кейін оны теңізге жіберді, деп хабарлайды Lada.kz.

Айта кетейік, биыл Ақтауды жылан басып қалды. Мамыр айында бауырымен жорғалаушылар жергілікті тұрғынның үйіне кіріп кетті.

Тағы оқыңыз: Көшеде қаптап жүрген жыландар Ақтау тұрғындарын шошытты – видео

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы табиғат бөлімінің мамандары тұрғындарға жыланнан қорқудың керегі жоқ екенін мәлімдеді, өйткені өңірді басып қалған су жыландары адамдарға қауіп төндірмейді.



sputniknews.kz