Ақтау халықаралық әуежайы шұғыл қоршауға алынды

0
637

5 сәуір күні кешке Ақтауы халықаралық әуежайы аумағын полиция қоршауға алды. Бұл туралы куәгерлер түрлі ақпарат таратты.

Әуежайға келушілер эвакуацияланды. Жағдайға қатысты түрлі нұсқалар айтылды. Кейбіреудің айтуынша, әуежайға күдікті зат қойылғаны туралы хабарлама түскеннен кейін аумақ қоршалған. Бұл туралы «Лада» басылымы жазды.

«Шымкенттен келген FlyArystan әуекомпаниясының ұшағында коронавирус жұқтырған адам болған. Ұшақ оқшауланған тұраққа қойылды. Бір сағат уақыт жолаушыларды шығармады. Санитарлық-эпидемиологиялық және басқа қызметтердің келуін күтеді. Жолаушылар жағдайға наразылық білдірді», – деді басылымның дереккөзі.