Ақтау гипермаркеттерінде Жеңістің 75 жылдығы құрметіне флешмоб өтті

0

Қала белсенділері қалалық әкімдіктің қолдауымен әскери жылдардағы әндерді орындап, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Ақтау қаласының бір топ белсендісі Ұлы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне флешмоб ұйымдастырды. Жастар қаланың гипермаркеттерінде әскери жылдардағы әндерді шырқады.

Флешмоб ұйымдастырушыларының басты мақсаты коронавирусқа байланысты шектеу шараларына қарамастан 9 мамыр күні қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау болды, деп хабарлайды lada.kz.

«Біз әскери жылдардағы композицияларды орындадық. Ол әндерді бәрі бала кезінен жатқа біледі. Осы әндер шырқалған сайын бойыңды ерекше патриоттық сезім билейді. Бүгінгі ұрпақ та ардагерлеріміздің өшпес ерлігін ұмытпай, тарихты біліп, өткенге құрмет көрсеткенін қалаймыз», — деді акция ұйымдастырушылары.

Тағы оқыңыз: «Мәңгілік даңқ – онлайн» акциясына өтініш қабылданып жатыр

Акцияға куә болған қала тұрғындары қоғам белсенділерінің бастамасын қуана қолдап, «Смуглянка» және «Жеңіс күні» әндерін бірге шырқады.



sputniknews.kz